Алматыда жатақхананы жекешелендіремін деп жалған уәде берген күдікті ұсталды

Күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, алматылықтарға ақшалай сыйақы үшін жатақханаларын жекешелендіріп беруге уәде еткен.

Полиция
Фото: Kazinform

Ол жатақханадағы пәтерлерді сатып алып, заңдастыруды, қажет болған жағдайда қоғамдық қор арқылы несие алуды ұсынған. Бірақ бұл “қызметтер” үшін алдымен ақы төлеу керек болды.

– Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция қызметкерлері зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-702-646-43-46; 8-778-591-91-35 және 8-778-481-19-00.

Соңғы жаңалықтар