Алматыда жауған қардан кейін көшелерді тазалауға 1 мыңнан астам техника жұмылдырылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр.

Алматыда жауған қардан кейін көшелерді тазалауға 1 мыңнан астам техника жұмылдырылды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалалық қызметтер жол қозғалысының үздіксіздігін және көшедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта қар тазалау жұмыстарына 2,7 мың жұмысшы, 1,2 мың арнайы техника, тротуарлар мен аулаларды тазалауға арналған 95 шағын техника жұмылдырылған.

— Сонымен қатар жолдар мен жүргіншілер аймақтарына көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары қар шығару мәселесі бойынша қайда хабарласа алатыны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар