Алматыда Жәутіков атындағы олимпиада басталды

Алматыда Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиада салтанатты түрде ашылды. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды әлемнің 14 елінен 55 команда келді, деп хабарлайды Kazinform.

әкім
Фото: Алматы әкімдігі

Олипиада үш жыл қатарынан онлайн форматта өтсе, биыл офлайн форматта өтеді. Олимпиада аясында дәстүрлі түрде физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер арасында үш пән бойынша байқау ұйымдастырылады. Басқа халықаралық олимпиададан ерекшелігі осында және жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін осы ғылыми пәндердің маңызын көрсетеді.

білім
Фото: Алматы әкімдігі

«Жәутіков атындағы олимпиаданың ауқымы мен кеңінен танылуы Алматы үшін маңызды оқиғаға айналды. Мықты физика-математика мектебімен танымал қаламыздың оқушыларының жеңісі мен жетістігін мақтан тұтамыз. Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан мен шетелдерде зор жетістікке қол жеткізіп келеді. Олар MIT, KAIST, Йель, Кембридж сынды әлемдегі ең беделді университеттердің студенттері», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев олимпиаданың ашылу салтанатында.

білім
Фото: Алматы әкімдігі

Жарыс екі кезеңнен тұрады – теориялық және тәжірибелік. Қатысушылар тапсырмалар орындайды. Олимпиаданың қорытындысы әр пән бойынша жеке есепте шығарылады.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар мен білім беру гранттары қарастырылған.

білім
Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, жарыс 8-13 қаңтары аралығында өтеді.

білім
Фото: Алматы әкімдігі
білім
Фото: Алматы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар