Алматыда жеке инвестицияға салынған 1350 орындық мектепте 300 жұмыс орны ашылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімі Ерболат Досаев 2018 жылы 8,9 млрд теңге болатын жеке инвестиция есебінен салынған New Generation School (NGS) мектебінде барды.

досаев
Фото: Алматы әкімдігі

Оқу орны екі ғимараттан тұрады. Біріншісі 2018 жылы салынған, онда primary және middle school (бастауыш және орта мектеп) орналасқан. 2023 жылы инвестиция көлемі 4 млрд теңге болатын жаңа High School (жоғары мектеп) ғимараты ашылды.

мектеп
Фото: Алматы әкімдігі

Қала әкімі коворкинг орталықты, акт залын, оқу кабинеттері мен робототехника сыныбын, асхана мен кітапхананы аралап, зертхана, химия, физика, математика мамандандырылған кабинеттерінің, сондай-ақ спорт және тренажер залдарының, бассейн мен арт-алаңның жұмысымен танысты.

Ерболат Досаев оқушылармен және педагогтармен әңгімелесті, балаларды оқыту мен тұлғалық дамыту әдістемесімен танысты, қаланың басқа мектептері үшін үлгі бола алатын оқу үдерісінің жоғары ұйымдастырылғанын атады.

Сондай-ақ, қала әкімі түлектерге оқуда, шығармашылық жолында табыс тілеп, мұғалімдердің еңбегіне алғыс айтып, тілектер кітабына жазба қалдырды.

мектеп
Фото: Алматы әкімдігі

«Біз „мектептегі мектеп“ қағидаты бойынша жұмыс істейміз, яғни балалар осында оқып, үй тапсырмасын орындайды, түрлі үйірме мен секцияға қатысады. Балалар жүзумен айналысады, боксқа барады, футбол ойнайды, сурет салады», — деді бастауыш мектеп директоры Руфина Хисамутдинова.

Мектеп аумағына адамның биометриясы функциясы бар өткізу жүйесі арқылы кіруге болады, бөтен адам кіре алмайды, 200-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған.

мектеп
Фото: Алматы әкімдігі

Сейсмикалық жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп, балалар төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекетін пысықтайды.

Бүгінде аумақта оқушылардың дамуы мен шығармашылығы үшін жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асатын екі оқу ғимараты орналасқан.

Мектеп 0-11 сынып оқушылары үшін 1350 орын есептелген, 300-ден астам жұмыс орны құрылған.

мектеп
Фото: Алматы әкімдігі

Сөз соңында Ерболат Досаев әкімдік Алматыдағы мектептің білім беру жүйесіне жеке инвестиция тартуды қолдайтынын жеткізді. 

Жалпы, бүгінде мегаполисте 122 жекеменшік мектеп бар, онда 35 689 бала оқиды.

2022-2023 жылдары 5539 орындық 22 жекеменшік мектеп ашылды.

акимат г. Алматы
Фото: Алматы әкімдігі
мектеп
Фото: Алматы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар