Алматыда үйлердің аулалары мен көшерлерді су басты

38 подтоплений частных домов и участков произошло во время урагана в Алматы
Фото: ҚР ТЖМ

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда бүгін жел күшейіп, жекелеген үйлердің аулалары мен көшелерді, жалпы алғанда 38 жерді су басу жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Алматыда ауа райының күрт бұзылуына жел екпінінің секундына 18-24 метрге дейін күшеюіне байланысты қаланың төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық кәсіпорындары күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

«Үйлердің аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерінде 38 жергілікті су тасқыны болды. Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су басқан аймақтарда жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендер жоқ»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар