Алматыда жекеменшік балабақша мемлекет меншігіне қайтарылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда орын тапшылығын шешу үшін жекеменшік балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Бұл туралы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде Ерболат Досаев айтты.

– Мәуленов көшесінде орналасқан жекеменшік балабақша ғимараты мемлекеттік меншікке қайтарылды. Ғимарат сейсмикалық күшейтумен жөнделіп, оның базасында 100 орындық жаңа балабақша ашылады. Жұмыстар осы жылдың маусым айында басталады,– деді әкім.
Мектепке дейінгі мекеме 2026 жылдың соңында пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ Тастақ шағын ауданындағы ескі, тозығы жеткен ғимараттың орнына 240 орындық жаңа балабақша салынады.
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы балабақшалардың бәрі ваучерлік қаржыландыруға көше бастайтыны туралы жазған едік.
Ваучерлік қаржыландыру тәсіліне негізделген жүйе қазір үш қалада жұмысын бастады.