Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда жекеменшік мектеп жабылып жатыр: оқушылар не істейді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жекеменшік мектептің жабылуына байланысты 400-ге жуық оқушы қайда барады? Бұл сұраққа Білім басқармасы жауап берді.

Үш ауысымды мектептер азайып, балабақша кезегі қысқарды
Фото: Үкімет

Алатау ауданында Abyroi School жекеменшік мектебінің қызметі тоқтайтыны белгілі болды. Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, жаңа оқу жылы алдында балаларының мектепсіз қалуына алаңдаған ата-аналар ведомствоға жүгінген. Сондықтан қазір жекеменшік мектеп ғимаратын мемлекеттік меншікке беру мәселесі шешіліп жатыр.

– 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін балаларды мектептегі орынмен қамту мақсатында аталған ғимаратты жалға алу шарты рәсімделіп жатыр. Бұл ғимарат №209 мемлекеттік мектеп-гимназиясының филиалы ретінде жұмыс істейді. Бұл оқушыларды толық қамтып, оқу процесін штаттық режимде ұйымдастыруға мүмкіндік береді, – деді басқарма өкілдері.

Өткен оқу жылында Abyroi School жекеменшік мектебінде 400-ге жуық оқушы білім алған.

Еске салайық, биыл 22 жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылды.