Алматыда жексенбі күні марафонға байланысты бірнеше жол жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - 27 қыркүйекте Алматыда 15-мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Алматыда жексенбі күні марафонға байланысты бірнеше жол жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

Биыл марафонға 60-тан астам елден 16 мың адам келеді.

Марафон өтетін жол учаскелерінде көлік қозғалысы сағат 06:00-ден 13:30-ға дейін шектеледі. Қатысушылардың өтуіне қарай жолдар кезең-кезеңімен ашылады.

Марафонның басталатын жері – Абай алаңы, ал мәресі Республика алаңында.

Жарысты өткізу кезінде мына учаскелерде жол жабылады:

* Достық даңғылы, Сәтбаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін – қозғалыстың екі бағыты да 26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 13:00-ге дейін жабылады;

* Абай даңғылы, Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін – 26 қыркүйек сағат 15:00-ден 27 қыркүйек сағат 15:00-ге дейін;

* Сәтбаев көшесі, Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін – қозғалыстың екі бағыты да 26 қыркүйек сағат 06:00-ден 28 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін жабылады;

Алматыда жексенбі күні марафонға байланысты бірнеше жол жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

* Желтоқсан көшесі, Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін – 26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін;

* Абай даңғылы, Момышұлы көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін – солтүстік бөлігі сағат 06:00-ден 09:15-ке дейін жабылады. Балама жол ретінде Әл-Фараби даңғылымен екі бағытта да жүруге болады;

* Абай даңғылы, Сейфуллин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейін – оңтүстік бөлігі сағат 08:00-ден 10:35-ке дейін жабылады. Балама жол ретінде Әл-Фараби даңғылымен екі бағытта да жүруге болады;

* Сәтбаев көшесі, Желтоқсан көшесінен Масанчи көшесіне дейін – қозғалыстың екі бағыты да сағат 08:40-тан 10:55-ке дейін жабылады. Балама жол ретінде Төле би көшесі мен Әл-Фараби даңғылын пайдалануға болады;

* Бөгенбай батыр көшесі, Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейін – екі бағыттағы қозғалыс сағат 08:35-тен 11:15-ке дейін толық жабылады;

* Қабанбай батыр көшесі, Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейін – екі бағыттағы қозғалыс сағат 08:50-ден 12:00-ге дейін толық жабылады;

* Шевченко көшесі, Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейін – сағат 09:05-тен 12:50-ге дейін жабылады. Балама жол ретінде Әл-Фараби даңғылы мен Төле би көшесін пайдалануға болады;

* Достық даңғылы, Құрманғазы көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін – сағат 08:30-дан 12:50-ге дейін жабылады;

* Құрманғазы көшесі, Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейін – сағат 09:25-тен 13:30-ға дейін толық жабылады;

* Наурызбай батыр көшесі, Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейін – сағат 09:35-тен 13:30-ға дейін толық жабылады;

* Абай даңғылы, Сейфуллин даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін – сағат 06:00-ден 13:30-ға дейін толық жабылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы уақытша шектеулерді ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.

Бұған дейін Алматыда Көктөбе саябағы уақытша жабылатыны хабарланды.