Алматыда «Желтоқсан – тәуелсіздік жаңғырығы» көрмесі ашылды

Алматыдағы орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан - Тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Kazinform.

Желтоқсан - тәуелсіздік жаңғырығы
Фото: Музейден

Музей қорында Желтоқсан оқиғасына қатысты 200-ге жуық жәдігер бар. Соның біразы көрмеге қойылған. Деректі материалдар, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құжаттары, фотосуреттері және осы тарихи оқиға туралы жазылған кітаптар сол қаһарлы күндерден сыр шертіп тұр. 

желтоқсан
Фото: Музейден

Көрме және экспозицияларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Айгүл Мусинаның айтуынша, экспонаттардың қатарында КСРО Халық әртісі Әзербайжан Мәмбетовтің көтеріліске қатысқанын дәлелдейтін қанға боялған киімдері де бар. 

желтоқсан
Фото: Музейден

«Көрмеге келушілер өз көздерімен Қайрат Рысқұлбековке қатысты құжаттар, ату жазасына кесу туралы үкімі, әкесінің жоғарғы сотқа жазған хаты, сондай-ақ Ербол Спатаевтың, Мырзақұл Әбдіқұлов, Бауыржан Шұғылов тағы басқа Желтоқсан қаһармандарының фотосуреттерін көре алды», - дейді ол.

Ресми деректерге сүйенсек, бейбіт шеруге қатысамыз деп келген 30 мыңнан астам адамның 8 515-ін құқық қорғау органдары ұстаған. 

желтоқсан
Фото: Музейден
желтоқсан
Фото: Музейден
Соңғы жаңалықтар