Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — 12 тамызда Алматыда жер сілкінісі тіркелді.

Алматыда жер сілкінді
Фото: Tasnim

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 12:14–те сейсмикалық станциялар желісі арқылы тіркелген.

Алматыда жерасты дүмпулері 2 балл болып сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Ведомство жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым әрекетті еске салды:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); — көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз; 
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары 29 шілдеде жер сілкінісін сезген еді.