Алматыда жеті көлік түскен жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалай

Алматыда Абай даңғылында болған жол апатынан соң төрт адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

жол апаты
Фото: Pexels

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен бір адам ауруханаға жатқызылған, қалғандарын амбулаториялық емделуге жіберді. 

«Бір адам Алматы қаласының № 7 клиникалық ауруханасындағы № 2 нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Оған жабық ми жарақаты, жеңіл дәрежедегі ми жарақаты, бастың көгерген жарасы, сондай-ақ, оң тізе буынының жұмсақ тінінің жарақаты диагнозы қойылды. Қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін түнде 19 жастағы «каршеринг» жүргізушісі Абай даңғылында тұрақта тұрған алты көлікті соқты

Салдарынан төрт адам зардап шеккен еді