Алматыда жыл басынан бері 180-ге жуық адам коронавируспен ауырды

коронавирус
Фото: Pexels

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы 7 күнде жұқтырғандар саны 0,9% төмендеген. 

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, мегаполисте жыл басынан бері 179 адам коронавируспен ауырған.  

Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 29 жағдай тіркелді.

«COVID-19 жағдайларының тәуліктік өсуі бір апта бұрын 0,002%-дан 0,003% дейін өсті. 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанудың апталық көрсеткіші 1,8-ден 1,5-ке дейін төмендеді», — деді Әсел Қалықова.

Эпидемиолог коронавирус инфекцияның алдын алу үшін қорғаныс бетперделерін киіп, адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берді.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту туралы тиісті қаулыға қол қойған еді. 

Соңғы жаңалықтар