Алматыда жыл басынан бері 300-ге жуық адам коронавирус жұқтырған

COVID-19
Фото: Мухтор Холдорбеков/МИА "Казинформ"

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мегаполисте коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін хабарлайды.

Департамент мәліметіне сәйкес, соңғы 7 күнде коронавирус жұқтырудың 2 жағдайы тіркелген. Ал 2024 жылдың қаңтар айынан бастап 27 маусымға дейін қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының расталған 282 жағдайы болған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 31 жағдай, жасөспірімдер арасында – 6 жағдай, ересектер арасында – 245 жағдай.

- Коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін қорғаныс маскаларын қолдану және адамдар көп жиналатын жерлерге барудан және температурасы жоғары науқастармен байланыста болудан бас тарту ұсынылады. Аурудың алдын алу үшін үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, дымқыл тазалау, сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтау ұсынылады. Егер респираторлық аурулардың белгілері пайда болса, маска киіп, дереу медициналық көмекке жүгіну керек, - деді Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Соңғы жаңалықтар
telegram