Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда жыл соңына дейін үш жаңа кітапхана ашылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда тамыз айының соңына дейін Құлагер, Жас Қанат және Ақсай шағынаудандарында жаңа кітапханалар ашылады.

Алматыда жыл соңына дейін үш жаңа кітапхана ашылады
Фото: Алматы әкімдігі

Қалалық Мәдениет басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл жұмыстар Алматыны дамыту бағдарламасы аясында қолға алынған. Жыл соңына дейін Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарында да жаңа кітапханалар пайдалануға беріледі.

— Қазіргі таңда қалалық кітапхана жүйесіне 30 филиал кіреді. Олардың басым бөлігі жаңғыртылған, ал жетеуі тәулік бойы жұмыс істейді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қалалық кітапханаларының мобильді қосымшасы ресми түрде іске қосылғанын хабарлағанбыз.

Ал оның алдында 1 наурыздан бастап Алмалы ауданында орналасқан А. П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана (Гоголь көшесі, 109) мен Наурызбай ауданындағы Алматы кітапханаларының филиалы (Бельгер көшесі, 1Б) тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшетінін жазғанбыз.