Алматыда жылу құбыры жарылды

Алматы қаласының Бостандық ауданында жылу трассасы жарылып, бірқатар тұрғын үй жылу мен ыстық судан ажыратылды, деп хабарлайды Kazinform.

жылу құбыры жарылды
Фото: видеодағы кадрдан көрініс

Жылу трассасының жарылып, ыстық судың көше бойына жайылып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Бостандық ауданының Розыбақиев-Қожанов-Гагарин- Короленко көшелерінің бойында орналасқан бірқатар тұрғын үй мен ғимарат магистральдық жылу жүйесі аумағының бірінде болған штаттан тыс жағдайға байланысты жылудан ажыратылды», - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері.

Ақпаратта сондай-ақ 1976 жылы пайдалануға берілген 800 мм су құбырының ақауын жөндеумен «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның апаттық бригадасы айналысып жатқаны айтылған. Қаланың аталған аймағында жылу мен ыстық су түн жарымында беріледі деп күтіледі.

«Аталған аумақта тұратын қала тұрғындары мен қонақтарын келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп мәлімдеді «Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері.

Соңғы жаңалықтар