13:00, 11 Наурыз 2025 | GMT +5
Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатыла ма
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Ресейдің бұқаралық ақпарат құралында Алматыда саясаткер Владимир Жириновкийге ескеркіш орнатылатыны туралы ақпарат тарады.

Осыған байланысты Алматы қаласының мәдениет басқармасы түсінік берді.
— В.Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түскен жоқ. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ, — деп жауап берді Kazinform агенттігінің сауалына басқармадан.
Еске салайық, ЛДПР басшысы Владимир Жириновский 2022 жылы 76 жасында қайтыс болды.
Бұған дейін 2016 жылы Мәскеуде Жириновскийге 3 метрлік ескерткіш қойылған еді.
Айта кетейік, ол 1946 жылы Алматыда дүниеге келген.