Алматыда жол апатына себепкер болған полицей жүргізуші куәлігінен айырылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда есірткіге масаң күйде қызметтік көлікпен екі жол апатына себепкер болған полицей жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

сот
Фото: Kazinform/Мухтор Холдорбеков

Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен К.-ға қатысты әкімшілік іс материал қаралды.

Сотта анықталғандай, осы жылдың қыс мезгілінде К., есірткіге масаң күйінде қызметтік көлікті айдап, жол апатына себепкер болды.

Сотта ол іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, жасаған әрекетіне өкінді.

«Сот қаулысымен К. көлік құралын есірткіге масаң күйде басқарғаны үшін (ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі) кінәлі деп танылып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Алматыда полиция майоры қызметтік көлікпен апатқа ұшырағаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар