Алматыда жол үстінде жүргізушіні аяусыз ұрғандар іздестіріліп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Әлеуметтік желіде жол үстінде төбелес шығарып, көлік жүргізушісін аяусыз ұрған адамдардың бейнежазбасы тарады. Оқиғаға байланысты Полиция департаменті бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

төбелес
Фото: Видеодан скрин

Видеоға көлік жүргізушісін бірнеше адамның теуіп жатқаны түсіп қалған.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді. 

- Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушыларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. Күдіктілер міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда, - деп хабарлайды департмент баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы маңындағы тойда мылтық атқандар іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Жедел-іздестіру іс-шараларынан соң құқықбұзушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.