Алматыда жолаушы автобуста жанжал шығарды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушы жол үстінде жанжал шығарды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Видеодан алынған скрин
Фото: Видеодан алынған скрин

Бейнежазбадан №9 автобус бағытының жүргізушісі қолында өткір зат ұстаған жолаушыдан қорғанып жатқанын байқауға болады.

- Бұл дерек бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар, жанжал қатысқандарға құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен жылы желтоқсан айында Алматыда № 47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішінде Дархан Ахметжанов жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан әйел есінен танып, көлікті басқара алмай, аялдамада тұрған бір топ адамды қаққан. Апат салдарынан 7 адам зардап шегіп, 3 адам мерт болды. 

Бұған дейін Алматыда көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар