Алматыда жолаушылар тасымалына 30 жаңа автобус сатып алынды
Алматыда жеке тасымалдаушы «Мадина» ЖШС сыйымдылығы үлкен (100 адамға дейін), газбен жүретін Yutong маркалы 30 жаңа автобус (ұзындығы 12 метр) сатып алды, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, барлық автобус төмен еденді, кондиционер және пешпен жабдықталған.
"Бұл автобустардың есебінен №128 және №72 маршруттар жаңартылады. №128 маршрутта - 17, ал №72 маршрутта 9 автобус жаңартылады. Қолданыстағы автобустар №25 маршрутқа жіберіледі.
Жалпы, субсидиялау шарты бойынша тасымалдаушылар әр 7 жыл сайын жаңа автобустар сатып алады. Биыл жеке автопарктер 355 жылжымалы бірлік сатып алды, оның есебінен 22 маршрут жаңартылып, 9 жаңа маршрут іске қосылды", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңа маршруттар тізімі төмендегідей:
№ 9, 43, 49, 213, 223, 230, 233, 236, 240.
Жаңартылған маршруттар:
№ 8, 13, 15, 17, 24, 29Р, 37, 38, 46, 47, 53, 65, 69, 88, 109, 115А, 119, 122, 125, 131, 207, 212.