23:35, 24 Қазан 2025 | GMT +5
Алматыда жүк көлігі тоқтаған жол опырылып кетті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласында жүк көлігі тоқтаған жол жабыны опырылды.
Бұл туралы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Жандос Тәкібаев айтты.
- 2025 жылғы 24 қазанда жылу камерасының жабынды плитасын басып кеткен бетон араластырғыш көлік қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Қазіргі уақытта Радостовца көшесі, 163 мекенжайы бойынша жылу беру қайта қалпына келтірілді. Апат болған орын толықтай қоршалды, - деді аудан әкімінің орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда осыған ұқсас жағдай болды. Қордай көшесінде жол жөндеу жұмыстары кезінде жүк көлігі опырылған жерге түсіп кетті.
Сондай-ақ Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылында жүк көлігі траншеяға құлап кеткенін жазғанбыз.