Алматыда жүк көліктерімен 2400 рейс қар шығарылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы көшелерінен 24 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл шамамен 2400 жүк рейсін құрайды.

Алматы қар күреу
Фото: Алматы әкімдігі

Түнгі сағат 01:30-да басталған қар, әлі жауып тұр.

Түскен қардың қалыңдығы 8 см.

Тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті.

Алматыда қар күреу
Фото: Алматы әкімдігі

Қар күреуге түнде 436 техника мен 219 жұмысшы тартылды. Сағат 08:00-ден бастап 423 бірлік арнайы техника және 1008 жұмысшы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Алматы, қар шығару
Фото: Алматы әкімдігі

«Қазгидромет» РМК болжамынша, бүгін түске дейін ара-тұра қар жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с.

Күндіз ауа температурасы -3 -5° болады.

Алматы, қар шығару
Фото: Алматы әкімдігі