Алматыда жұмыс істейтін жастарға қандай пәтерлер беріледі

Алматыда жұмыс істейтін жастарға қандай пәтерлер беріледі
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2022-2023 жылдары коммуналдық тұрғын үй қорына ХӘОТ пен жұмыс істейтін жастарға бөлінетін 4100 пәтер берілді. Осы жылдың соңына дейін қосымша 3150 пәтер сатып алу жоспарланып отыр, оның 2100-і әлеуметтік осал топқа жататын тұрғынға, ал 1050-і жұмыс істейтін жастарға арналған.

Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік осал топтар (ХӘОТ) мен жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер қарастырылған жаңа  «Alem City 3» тұрғын үй кешенін аралап көрді.

Алматыда жұмыс істейтін жастарға қандай пәтерлер беріледі
Фото: Алматы әкімдігі

Ерболат Досаев мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құрудың маңыздылығын атап, тұрғын үйлерге пандустар орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, жаңа үйлерді уақытылы инженерлік желілерге қосып, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Алматыда жұмыс істейтін жастарға қандай пәтерлер беріледі
Фото: Алматы әкімдігі

Жұмыс істейтін жастарға үш жылға дейінгі мерзімге айына 7-15 мың теңге аралығында төлеммен жалға беру қарастырылған, алайда ұзарту немесе сатып алу мүмкіндігі жоқ.Осы кезеңде жалға алушы жастар кейіннен екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекаға тұрғын үй сатып алу үшін депозитте қаражат жинауы керек.

Алматыда жұмыс істейтін жастарға қандай пәтерлер беріледі
Фото: Алматы әкімдігі

Осы жылдың 10 айында 4828 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Осыған дейін Алматыда 43 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұрғаны туралы жазған едік. 

Айта кетейік, «Алматы жастарына» өтінім берген 2 мыңға жуық жас баспаналы болды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram