04:24, 23 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға төмендеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Былтыр мегаполисте 73,9 мың жұмыс орны ашылды.

Өңдеу өнеркәсібі - қала экономикасын әртараптандырудың негізгі факторы. Индустриалды аймақта 485 млрд теңгенің 67 жобасы іске асырылып жатыр. Мұнда 11,6 мың жұмыс орны құрылды.
– Былтыр 73,9 мың жұмыс орны ашылды. Құрылған жұмыс орындарының 83,2% - ы тұрақты. Нәтижесінде Алматыда жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың үшінші тоқсанында 4,6% - ға дейін төмендеді, – деп хабарлады әкімдіктен.
Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 2025 жылы құны 197 млрд теңге болатын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарда. Бұл 2,7 мың адамның жұмысқа орналасуына мүмкіндік бермек.
Осыған дейін 2024 жылы 845 мың қазақстандықтың жұмыспен қамтылғаны туралы жазған едік.