Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Мегаполисте еңбек нарығындағы жағдай жақсарды. 2023 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы
Фото: Астана қалалық жұмыспен қамту басқармасы

«Алматыда 2023 жылы Ұлттық жобалар аясында және кәсіпкерлік субъектілерімен 89 995 жұмыс орны құрылды, оның 81%-ы немесе 72 824-і тұрақты жұмыс орындары. Осылайша, халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекет қолға алған барлық шара қаладағы жұмыссыздық деңгейін 5%-дан 4,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді», - деді Бауыржан Жаубасов.

Сондай-ақ ол 2024 жылы мегаполисте жаңа 90 508 жұмыс орны ашылатынын тілге тиек етті.

Былтыр 10,3 алматылыққа жеке кәсібін ашу үшін гранттар берілді.

«Бастау Бизнес» жобасы және гранттар бойынша ісін жаңа бастаған 10,3 мың кәсіпкер қолдау алды, бизнесті ашқысы келетін 135 жасқа 5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен (жылдық 2,5% - бен) шағын несиелер берілді. Курстардан 4 мыңнан астам адам өтті, 31,3 мың оқушы, студенттер мен жұмыссыздар арасында кәсіптік бағдар өткізілді», - деп атап өтті спикер.

Соңғы жаңалықтар