Алматыда жүрекке күрделі операциялар тікелей эфирден көрсетілді

АСТАНА. KAZINFORM - Алматы қаласы Қалалық кардиологиялық орталығы базасында миниинвазивті кардиохирургия (MICS) бойынша шеберлік сағаты өтті.

врачи
Фото: ПІБ

Іс-шараға Орал, Ақтау, Павлодар, Шымкент, Астана, Семей, Өскемен, Талдықорған, Көкшетау, Алматы және Ақтөбе қалаларынан келген 69 кардиохирург пен перфузиолог қатысты.

миниинвазивті кардиохирургия (MICS) бойынша шеберлік сағаты өтті.
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Шеберлік сағатының негізгі бөлігі ретінде Орталықтың кардиохирургтары нақты уақыт режимінде LIVE-операциялар өткізді.

Іс-шара аясында митралды қақпақшаның миниинвазивті пластикасы, аорталық қақпақшаны (Perceval) протездеу және жүрекшелер аралық перде ақауын пластикалау операциялары сәтті орындалды.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын операциялық топтың жұмысын тікелей эфирде бақылау мүмкіндігі тудырды.

LIVE-операциялар барысында кардиохирургтар хирургиялық тактика, пациенттерді іріктеу критерийлері және MICS саласындағы заманауи тәсілдер бойынша тәжірибе алмасып, белсенді пікірталас жүргізді.

Сонымен қатар, Орталық кардиохирургтарының үйлесімді командалық жұмысына ерекше назар аударылды. Бұл жоғары кәсіби өзара әрекеттестікті, дәлдік пен операцияның барлық кезеңдеріндегі үйлесімділікті көрсетті.

Шеберлік сағаты аясында миниинвазивті кардиохирургияны дамыту, трансөңештік эхокардиографияның (ЧПЭхоКГ) рөлі, анестезиологиялық қамтамасыз ету және кардиохирургиядағы заманауи трендтер тақырыптарында сараптамалық баяндамалар ұсынылды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Денсаулық сақтау министрлігі телемедициналық қызметтерді дамытуға жаңа стандарттар енгізді.