Алматыдағы 2,3 млн ағаш зиянкестерге қарсы өңдеуден өтеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жасыл желектерді зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары басталады. 

Алматыдағы 2,3 млн ағаш зиянкестерге қарсы өңдеуден өтеді
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, жасыл желектерді биологиялық өңдеу маусымы 20 сәуірде басталады.

Жұмыстарды пестицидтерді өндіруге және қолдануға лицензиясы бар мердігер ұйымдар төрт кезеңде орындайды: 

I кезең: 20 сәуірден 30 мамырға дейін-бірінші өңдеу (төрт рет емен және екі рет терек өңдеуді қосқанда);

II кезең: 1 маусымнан 30 маусымға дейін-екінші өңдеу;

III кезең: 5 шілдеден 5 тамызға дейін-үшінші өңдеу;

IV кезең: 15 тамыздан 20 қыркүйекке дейін-төртінші өңдеу.

– Жұмыс түнде жүзеге асырылады: тікелей күн сәулесінің болмауы баяу булану арқылы зиянкестерге қарсы құралдардың ұзақ әсер етуіне ықпал етеді. 2,3 млн ағаш зиянкестерге қарсы өңдеуден өтеді, - делінген хабарламада.

Алматыдағы 2,3 млн ағаш зиянкестерге қарсы өңдеуден өтеді
Фото: Алматы әкімдігі

Жұмыс барысында адамдарға, құстар мен жануарларға зияны тимейтін сертификатталған химиялық препараттар қолданылады. 

Еске салайық, биыл Алматыға 320 мың ағаш отырғызылады. 

Бас жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай жасыл аймақтардың жалпы ауданы шамамен үш есеге - 1,3 мың гектардан 3,3 мың гектарға дейін ұлғаяды, ал 2040 жылға қарай ол 3 840 гектарға жетеді.

Соңғы жаңалықтар