Алматыдағы балалар үйінде болған өрттен кейін тәрбиеленушілер қайда орналастырылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы «Перзент» балалар үйінде шыққан өрт кезінде мекемеде болған 35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылды.

Алматыдағы балалар үйінде болған өрттен кейін тәрбиеленушілер қайда орналастырылды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, онда қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.

Тәрбиеленушілерге тамақ беріліп, киім-кешек, азық-түлік және жеке гигиена құралдары жеткізілді. Сонымен қатар балаларға тәттілер таратылған.

Алматыдағы балалар үйінде болған өрттен кейін тәрбиеленушілер қайда орналастырылды
Фото: Алматы әкімдігі

Оқиға орнында Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық кеңес өкілдері, Наурызбай ауданының қорғаншылық және қамқоршылық қызметі, сондай-ақ Отбасыны қолдау орталығы мен Балаларды қолдау орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Алматыдағы балалар үйінде болған өрттен кейін тәрбиеленушілер қайда орналастырылды
Фото: Алматы әкімдігі

– Жағдай толық бақылауда, - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

п
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан балалар үйіндегі өртті сөндіріп жатқанын хабарлаған едік.

Кейінірек ТЖМ жалынның 1000 шаршы метр аумақта сөндірілгенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар