Алматыда басқарма басшысының орынбасары 21 млн теңге пара алған

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Антикор спорт саласындағы жемқорлық мәселесін тексереді
Фото: Kazinform

«Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді. Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару қызметтерін көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген», — деп жазды Антикордан.

Күдікті үй қамағына алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар