Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсететін боксшылар салмақ өлшеді

бокс
Фото: Алма Мұқанова

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ертең Алматыда белгілі боксшы Қанат Исламның ұйымдастыруымен «Жібек жолы» кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бүгін сол кеште шаршы алаңға шығатын спортшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, қарсыласымен көз түйістірді. 

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінде Руслан Мырсатаев, Бексұлтан Раушанов, Сапарбай Айдаров, Асқар Ерубек, Нұрсұлтан Аманжолов, Асхат Қуанышбекұлы, Дәулет Дәукенов Қазақстанның атынан шаршы алаңға шығады.

«Ертең 12 қазақстандық былғары қолғап шебері 7 мемлекеттен келген күрзі жұдырық иелерімен ринг төрінде кім мықтыны анықтайды. Біздің жігіттер алдағы айқасқам тас-түйін дайын. Бұйырса, екі титул сарапқа салынады. Олар - WBC Middle East Heavyweight Title және UBO Asia Welterweight чемпиондық белдіктері», - деді Қанат Ислам. 

Айта кетейік, «Жібек жолы» кәсіби бокс кеші кешкі сағат 18: 00-де басталады. 

Соңғы жаңалықтар