Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс кестесін уақытша өзгертеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс кестесі бір күнге өзгереді. Бұл туралы ақпарат бақтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
«16 тамыз күні техникалық себептерге байланысты ботаникалық бақ таңғы 9:00-де емес, түскі сағат 12:00-де ашылады», - делінген жазбада.
Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.
«Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар 20:00-ге дейін ашық. Ондағы техникалық үзіліс 15:00-15:30 аралығында болады. Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге қалдырылуы мүмкін», - деп хабарлады Ботаникалық бақтың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматыдағы ботаникалық бақ тағы да бір күнге жабылатынын хабарлаған едік.