Алматыдағы ең ірі көшелердің бірі ішінара жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласындағы ірі көшенің бірі - Қ. Сәтбаев көшесі ішінара жабылады.

Ремонт дорог дорожные знаки жол жөндеу жол белгілері
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, Бостандық ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Сәтбаев көшесінің бойында көлік қозғалысы жабылады.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

«13 шілде сағат 22:00-ден 14 шілде сағат 16:00-ге дейін Сәтбаев көшесінің бойымен Сейфуллин даңғылынан Масаншы көшесіне дейін екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады. Масаншы көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін шығыс бағытта көлік қозғалысы шектеледі»,- делінген хабарламада. 

Масаншы көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейінгі аумақта - батыс бағытта қозғалыс ашық болады.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар