Алматыдағы ең үлкен даңғылда көлік қозғалысы шектеледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Сүйінбай даңғылы бойында көлік қозғалысы екі айға жабылады.
1 шілде мен 31 тамыз аралағында Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында №375 үйден № 419 үйге дейін көлік қозғалысы шектеледі.
«1967 жылдан бастап пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 506 метрлік құбырды ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабылады»,- «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Аталған көшеде батыс жағында автокөлік үшін екіжақты қозғалыс ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, шаһар тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram арнаның @AlmatyJolybot чат-боты іске қосылды. Ол арқылы тұрғындар қала жолдарындағы шұңқырларды жөндеуге өтініш бере алады.
Алматыда биыл ұзындығы 250 км болатын 274 көше орташа жөндеуден өтеді, осылайша 92%-ға дейін жолдың үлесін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жеткізу жоспарланған.