Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасында жарықтандыру технологиясы қалай жұмыс істейді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - «Көк-Төбе» телемұнарасында басқарылатын медиа қасбеттер орнатылған. Мұндай технология әлемдегі көптеген архитектуралық құрылыста қолданылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасында жарықтандыру технологиясы қалай жұмыс істейді
Фото: Алматы әкімдігі

- Медиа қасбеттер әр 30 минут сайын өшіріледі. Осы кезеңде тек прожекторлармен қамтамасыз етілген фондық жарықтандыру жұмыс істейді. Соның арқасында теледидар мұнарасының эстетикалық тартымдылығын сақталады және медиа қасбеттердің энергия үнемдейді, - деп түсіндірді әкімдіктен.

Айта кеткен жөн, осыған ұқсас технология Нью-Йорктегі Empire State Building ғимаратын және Дубайдағы Бурдж-Халифа зәулім ғимаратын жарықтандырады. 

Алматы телемұнарасын жарықтандыру кестесі келесідей: күн сайын сағат 20.00-ден 02.00-ге дейін динамикалық жарықтандыру жұмыс істейді. Сағат 02.00-ден 05.00-ге дейін тек фондық режимде прожекторлық жарықтандыру жұмыс істейді. 

Мереке күндері сағат 21.00-ден 02.00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылады.

Еске салайық, бұған дейін «Көктөбе» телемұнарасының үш өлшемді түрлі-түсті моделі пайда болғанын жазғанбыз. 

Ал, биыл сәуір айында телемұнараға найзағай түскен болатын. 

Соңғы жаңалықтар