Алматыдағы қонақүйлердің бірінен өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін 112 пультіне Алматы қаласы Медеу ауданы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

өрт
Фото: pixabay

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін, түтіннің 3 қабатты қонақ үйдің жертөлесінде шыққанын анықтады. Қонақ үй қызметкерлері келушілерді үй-жайдан шығарып үлгерді. Өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізілді.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт толық сөндірді. Өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды.

Осыған дейін Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның мәйіті табылғанын жаздық.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. 

 

Соңғы жаңалықтар