Алматыдағы мұз айдынында жасөспірім қызды қатарластары ұрып тастаған

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жасөспірімді қатарластары аямай ұрып-соққан.

Алматыдағы мұз айдынында жасөспірім қызды қатарластары ұрып тастаған
Фото: Видеодан скриншот

Олардың әрекеті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Ондағы мәліметке сәйкес, оқиға Алматының Жетісу ауданындағы Гүлдер саябағында болған. 

Алматы қаласының полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

— Бұл жағдай бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жанжал туындаған екі жасөспірім қыздың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Атыраудағы «Шаңырақ» балалар ауылының жүргізушісі жасөспірімді ұрып жатқан бейнежазбасы тараған болатын

Соңғы жаңалықтар