21:12, 16 Шілде 2024 | GMT +5
Алматыдағы нөсер жауын: 2 жүк көлігі жол жиегіне шығып қалды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының Кеген ауданында нөсер жаңбыр жауып, жолға су жиналып қалды.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, 16 шілде сағат 15:58-де Кеген ауданы Ақсай ауылының маңындағы таулы аймақта нөсер жаңбыр жауды. Ағын судың көптігінен 2 жүк көлігі жол жиегіне шығып кетті.
Жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалары жұмылдырылды.
«Оқиға орнына ТЖД 17 қызметкері мен 10 техника жедел түрде жұмылдырылды. Сағат 17:00-де жаңбыр тоқтап, су деңгейі түсті. ҚазАвтоЖол жолды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.
Зардап шеккендер жоқ.