Алматыдағы «Нұрлы Тау» орталығында өрт шықты
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы ең биік ғимараттардың бірі — «Нұрлы Тау» тұрғын үй кешенінде от тұтанды.
— Сағат 17:55–ден бастап қалалық ТЖД құтқару күштері және құралдары Бостандық ауданы Әл-Фараби даңғылы, 7 к5а мекенжайында орналасқан «Нұрлы Тау» ТК-дағы өртті сөндіруде. От 32-қабатты тұрғын үйдің 8 қабатында тұтанған, — деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда бұрынғы теміржол ауруханасынан өрт шыққанын жазған едік.