01:49, 17 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматыдағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.
«Орташа тәуліктік температураның жоғарылауына және қардың қарқынды еруіне байланысты 16-18 наурыз аралығында таулы өзендерде су деңгейі көтеріледі Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін», — деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Осыған орай құтқарушылар тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды.