Алматыдағы ірі көпірдің бірі мен көше жабылады

Ремонт дорог  дорожные знаки Жол жөндеу жол белгілері
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жөндеуге жұмыстарына байланысты Рысқұлов-Бөкейханов жолайрығындағы көпір уақытша жабылады.

Мәселен, 4 тамыз сағат 23:00-ден 6 тамыз сағат 11:00-ге дейін оңтүстік және солтүстік бағыттағы көпірде қозғалыс толығымен жабылады, сондай-ақ Бөкейханов көшесі бойындағы жолайрығының көпірге кірме жолында көлік қозғалысы шектеледі.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Бұдан бөлек, 5 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Дунаевский мен Левитан көшелерінің арасындағы тұйық көшеде автокөліктер үшін қозғалыс жабылады. 

Екі бағытта да көліктерге жүруге тыйым салынады. 

«Уақытша шектеулер 1976 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жалпы ұзындығы 1240 метр болатын, аталған көшенің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілмек»,- деп атап өтті «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке тұрғын үйді, 5 балабақшаны, 4 мектепті, 2 денсаулық сақтау мекемесін және басқа да 15 нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жаңғырту жұмыстары кезеңінде тұтынушылар ыстық су бұрынғысынша үздіксіз беріледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram