Алматыдағы Сейсмология ғылыми орталығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматыдағы Сейсмология ғылыми орталығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Сейсмология ғылыми-зерттеу орталығы жөнделіп, толық жабдықталады. Әкім Ерболат Досаевтың айтуынша, орталық халықаралық стандарттарға сай болуы керек. 

Алматы әкімі Ерболат Досаев ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының ғимаратына барып, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысты, ондағы проблемалық мәселелерді тыңдады. 

Досаев
Фото: Алматы әкімдігі

Орталық қызметінің негізгі бағыты – бүкіл ел аумағының сейсмикалық қауіптілігін бағалау және сейсмологиялық мониторинг жүргізу.

Ғылыми орталықтың директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, 1986 жылы салынған орталық ғимаратына ешқашан күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жабдықтардың басым бөлігі ескірген, сондай-ақ кадр тапшылығы да жоқ емес. 

Алматыдағы Сейсмология ғылыми орталығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Алматы әкімдігі

Мегаполис басшысы қалада сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алудың заманауи технологияларын қолдана отырып, азаматтық қорғаудың барлық құрылымының өзара іс-қимылы күшейтілетінін атап өтті. 

«Біз ғимаратты қала бюджеті есебінен жөндеу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерге шамамен 2 млрд.теңге бөлінеді. Бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа кадрлар тартуға мүмкіндік береді. Орталық қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін өте маңызды, сондықтан ол әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс», - деді Ерболат Досаев. 

Алматыдағы Сейсмология ғылыми орталығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Алматы әкімдігі

Қазір сейсмологиялық бақылаулардың республикалық желісі (РССН) Қазақстанның 12 облысында және Алматы қаласында орналасқан 70 сейсмикалық станция мен бақылау пункттерінен тұрады.

Алматыдағы Сейсмология ғылыми орталығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Алматы әкімдігі

Станцияларда 160 түрлі өлшем бойынша сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеологиялық, бақылаулар жүргізіледі. Сезілетін жер сілкінісі жағдайында кезекшілер жедел режимде оның параметрлерін, атап айтқанда, сілкініс уақытын, эпицентрдің координаттарын, жер сілкінісінің класын немесе оның магнитудасын анықтайды. 

Соңғы жаңалықтар