Алматыдағы су қоймаларында безгек масаларына қарсы дезинсекциялық өңдеу жүргізіледі

дезинсекция
Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жаздың соңына дейін 6 анафелогенді су қоймасында безгек масаларының дернәсілдеріне қарсы дезинсекциялық өңдеу жүргізіледі.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, өңдеу энтомологиялық көрсеткіштер бойынша алты кезең бойынша іске асырылады. 

«Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан 6 анафелогенді су қоймасында 2024 жылдың 6 маусымынан 30 тамызына дейін безгек масаларының дернәсілдеріне қарсы дезинсекциялық өңдеу жүргізіледі. Оның жалпы ауданы – 12,4 гектар», - деді департамент басшысы. 

Су қоймаларында безгек масаларының дернәсілдерне қарсы өңдеу жұмыстарын республикалық қаржы есебінен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарының тікелей бақылауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы жүргізеді. 

Жасақталған дезинфекциялық бригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен қаматамасыз етілген. 

«Дезинсекциялық өңдеу жүргізу үшін «Дельтэкс» инсектицидті препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіптілігі төмен санатқа жатқызылады. Масаларға қарсы өңдеу жүргізу үшін қолданылатын препараттың дозасының мөлшері аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram