Алматыдағы субұрқақтар 1 мамыр күні іске қосылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Оңтүстік астанада 1 мамыр күні 60 фонтан іске қосылады.

субұрқақ
Фото: Алматы әкімдігі
су бұрқақ
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада 66 коммуналдық субұрқақ бар. Оның алтауы жаңартылып жатыр.

«Одуванчик», «Аққу», «Қызғалдақ» субұрқақтары мен Орталық мемлекеттік мұражайы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры алдындағы фонтандарға жөндеу жұмыстары жүріп жатыр»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

фонтан
Фото: Алматы әкімдігі
фонтан
Фото: Алматы әкімдігі

«Алматы – ортақ үйіміз» акциясы аясында субұрқақтардың тостағандарын, түбін, қабырғаларын тазарту және гранитті плиталарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

фонтан
Фото: Алматы әкімдігі

«Мамандар субұрқақтардың сәндік элементтерін сырлап, электр жабдықтары мен сорғыларын, электр желілерін, суық сумен жабдықтау және кәріз жүйесін тексерді. Коммуналдық қызмет көрсетушілермен сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері қайта іске қосылды. Дайындық жұмыстары барысында апатты аймақтар да анықталды, қазір су және электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалды», - деп атап өтті Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фонтан
Фото: Алматы әкімдігі

Әрбір фонтанда қауіпсіздікті сақтау мақсатында шомылуға болмайтыны туралы тақтайшалар орнатылған.

Соңғы жаңалықтар