Алматыдағы жер сілкінісіне Кемин ошағы себеп болуы мүмкін бе
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Кемин жарығы туралы нұсқаға түсініктеме берді.

Дәулет Сәрсенбаев Алматыда 4 наурызда болған жер сілкінісін бөлек сейсмикалық жағдай деп атады.
«Бүгін болған жер сілкінісінің ошақ координаттарына сүйенсек, бұл жеке сейсмикалық оқиға. Бұл аймақта мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. 1990 жылы сол аймақта, сол алаңда тіркелген. 2015 жылы сейсмикалық оқиға болды. Бұл Кемин жарығының оянуы ма, ол бір адамның болжамы. Біз тәулік бойы зерттеу жүргіземіз», - деді ол.
Бұған дейін сейсмолог Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері болмайтынын айтқан болатын. https://kaz.inform.kz/news/bolzham-aldagi-kunder-almatida-zhoykin-zher-slkns-bolmaydi-a19c87/
Еске салайық, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.
Алматы әкімдігі барлық жиналу пункттері ашық екенін мәлімдеді.
Алматы полициясы күшейтілген режимге ауысты.