Алматыдан күшті жел мен жаңбырдан соң көшеде тазалық жұмыстары жүріп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда коммуналдық қызметтер қатты жел мен жаңбыр салдарынан құлаған ағаштарды кесіп, жолды тазалады.
Әкімдіктің мәліметінше, түскі сағат 12:00-ден 19:00-ге дейін Алматы қаласында жел күшейіп, жаңбыр жауды. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу мен нөсер суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды.
«Аудан әкімдіктерінің ақпараты бойынша су басу мен құлаған ағаштар шұғыл түрде алынды. Жедел медициналық жәрдем қызметінің дерегінше, құлаған ағаштан адамдар зардап шеккен жоқ»,- деп хабарлады әкімдіктен.
Айта кетейік, Алматыда бүгін кешке қарай күн райы күрт бұзылып, аспанды қара бұлт басып, жел көтеріліп, найзағай ойнап, қатты жаңбыр мен бұршақ жауды.
Салдарынан ағаштар құлап, бірқатар шағын аудан жарықсыз қалды.