Алматыға келетін шетелдік туристердің саны артқан

турист
Фото: ҚазАқпарат

Алматыға келген шетелдік туристердің саны 72,6%-ға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық туризм басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға келген шетелдік туристердің саны 261,6 мың адамға немесе 72,6%-ға өскен.

"БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германиядан келген шетелдік туристер ағынының өсуі байқалады. Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристердің саны 500 мың адамға жетеді деп болжанып отыр", - деп хабарлады қалалық туризм басқармасы.

Ведомствода сондай-ақ қалаға келген ішкі туристердің саны 710,6 мың адамға немесе 24,6%-ға өскенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар