11:49, 09 Қаңтар 2024 | GMT +5
Алматылық азамат екі ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Алматыда екі ұлын өлтірді деп айыпталған азаматқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazinform.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға бейсенбі күні жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Әжеcінің қарауында болған балаларды әкесі ауруханаға апарамын деп алып кеткен. Балалардың үлкені 5 сыныпта, кішісі 2 сыныпта оқыған.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
«Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Жағдайлар анықталып жытыр», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.