Алматылық дәрігерлер салмағы 1500 грамнан төмен 75 сәбидің өмірін сақтап қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Дүниежүзілік шала туған балалар күніне орай аналар сәбиінің өмірін сақтап қалған дәрігерлермен кездесті.

Казахстан занимает лидирующие позиции в ЦА по оказанию помощи новорожденным
Фото: ДСМ

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, № 2 қалалық перинаталдық орталығына шала туған, дәрігерлердің арнайы күтімінде болған балалар мен олардың аналары келді. Кездесуде ата-аналар сәбилерді аман алып қалу үшін күрескен дәрігерлермен қайта қауышты. Аналар медицина мамандарына көрсеткен қамқорлығы мен сәбилерінің өмірін сақтап қалғаны үшін ризашылығын жеткізді.

Алматылық дәрігерлер салмағы 1500 грамнан төмен 75 сәбидің өмірін сақтап қалды
Фото: Алматы денсаулық сақтау басқармасы

Жалпы 2026 жылдың 10 айында орталықта салмағы 1500 грамнан төмен 75 сәби мерзімінен бұрын дүниеге келген. Олардың 24-інде туған кездегі салмағы 1000 грамға да жетпеген.

— Кездесуде таныстырылған сәбилердің ең кішкентайы жүктіліктің 26-аптасында 679 грамм салмақпен туған. Ол орталықта 87 күн бойы күтімде болған. Ал салмағы 700 грамм болып дүниеге келген тағы бір сәби мамандардың бақылауында 88 күн жатқан. Әрбір осындай оқиғаның артында неонатологтер, реаниматологтер, мейіргерлер мен орталықтың бүкіл ұжымының орасан зор еңбегі тұр, — деп хабарлады басқармадан.

Еске салайық, Қазақстанда соңғы бес жылда 142 мыңға жуық сәби мерзімінен бұрын дүниеге келген.