Алматылық құтқарушылар алдағы күндері тауға шықпау керектігін ескертті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылық құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын алдағы күндері тауға шықпауға шақырды.

Алматылық құтқарушылар алдағы күндері тауға шықпау керектігін ескертті
Фото: Kazinform

– Жылымықтың әсерінен қар жамылғысы тұрақсыз. Осыған байланысты 9-11 сәуір аралығында тауларда қар көшкініні қауіпі сақталады. Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарына таулар мен қарлы тік жартастарға шықпауға кеңес береміз. Тауда абай болыңыздар, – делінген Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Еске салайық, кеше Алматы дауыл салдарынан 28 ағаш құлап, 3 шатыр ұшқанын жазғанбыз. 

Сондай-ақ дауыл салдарынан Алматы ботаникалық бағы бірнеше күнге жабылды. 

Алматы облысы Шамалған ауылының маңында 46 жастағы ер адамға ағаш құлады, ол оқиға орнында қаза тапты. 

Соңғы жаңалықтар