Алматылық құтқарушылар Қостанай өңіріне көмекке аттанды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қалалық ТЖД-ның өрт сөндіру және апаттық-ұтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының жедел тобы (56 қызметкер) Ұлттық ұланның әуе бортымен Қостанай өңіріне ұшты.

Алматы қалалық ТЖД
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматы ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев жеке құрамның дайындығын тексеріп, нұсқама жүргізді. Әуе бортына су сору құралдары, қажетті апаттық- құтқару жабдықтары, арнайы су өткізбейтін костюмдер, байланыс құралдары мен жүзу құралдарын тиеу жұмыстары жүргізілді. 

Алматы қалалық ТЖД
Фото: Алматы қалалық ТЖД

«Құтқарушылар су басқан өңірдің қауіпті учаскелерінде барлық қажетті көмекті көрсетеді. Жеке құрамға азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша өз борышын мінсіз орындауды тапсырамын», - деді ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Алматы қалалық ТЖД
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Еске салсақ, бұған дейін 31 наурызда алматылық құтқарушылар «Ворошилов» су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан болған қауіпті жою бойынша облыстағы әріптестеріне көмекке жіберілген болатын. 

Сондай-ақ алматылықтардың бүгін Атырау облысына гуманитарлық көмек жібергенін хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар